
2016 жылдың 20-23 қазан күндері Аягөз қаласында өткен ШҚО «Жас барысы» іріктеу турнирінде Семей қаласының спорттық шеберлік мектебінің тәрбиеленушісі Анарбеков Азамат 1999-2000 жылғы туған жасөспірімдер арасында, 46 келі салмақ дәрежесінде ШҚО «Жас барысы» атанып (І орын), қарашаның 24-27 аралығында Қостанай қаласында өтетін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан Республикасының жас барысы» турниріне жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жаттықтырушысы: Мұқышев Мейіржан.