Дускужанов Асеткан Серканович Дускужанов Асеткан Серканович Семей қаласында 1960 жылы шілде айының 31 жұлдызында дүниеге келген. 1977 жылы № 33 мектебін бітірген. 1978 жылы Семей қаласындағы мал дәрігерлер институтына түсіп, 1983 жылы жақсы жетістіктермен аяқтады. Өз еңбек жолын ПОШ фабрикасында инженер – технолог мамандығымен бастайды. 1989 жылы «Жарқын» жастар ұйымын басқарады. 1991 жылы «Чингиз» Брокерлік фирмасының директоры болып тағайындалады. 1993 – 2001 жылдары «Елімай» қаражатты – инвестициялық корпорацияны басқарады. 2002 жылдан бастап кеме жасау құрылысында жұмыс істейді. «Комплекс» ЖШС, қазіргі «Семейский судостроительно - судоремонтный » зауытының бас директоры. Өндіріс сұрақтарымен қатар ол спорт мәселеріне де көп көңіл бөледі. 1998 2008 жылдары жанкүйерлік бокс федерациясының Президенті болды. ҚР балық аулау спорттық атқарушы Федерациясының мүшесі. Халықаралық класс шебері. Балық аулаудан 3 мәрте әлем чемпионатының қатысушысы.2011 жылы 7 қысқы Азияда ойындарының алауын ұстады. Астана қаласының 10 – жылдығына орай медальдармен марапатталды. Еліміздің позитивті әлеуметтік - экономикалық және демократиялық өзгерістерге белсенді қатысқаны үшін ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың алғыс хатына иеленді. №4 округі бойынша қалалық маслихатының депутаты, депутаттық этика сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі, әйелдер және отбасылық – демографиялық саясаты бойынша комиссиясының мүшесі. Өзінің туған мектебін де ұмытпайды.2013 жылы Дускужанов Асеткан Серканович мектептің спорт залына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға үлкен тосын сый жасады.
01 қаңтар 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21