Искакбаев Мұсатай Өміржанұлы

Искакбаев Мұсатай Өміржанұлы, 1935 жылы Кемерово қаласында дүниеге келген. 1943-1953 жылдары Семей қаласының №5 қазақ орта мектебін ойдағыдай бітіріп, міндетті әскер қатарына шақырылып 1957 жылға дейін Ленинград қаласында болған. 1957 жылы Семейдің Медицина институтына түстіп, 1963 жылы бітірген. 1963 жылдан 1966 жылға дейін Көкпекті аудандық орталық ауыруханасында хирург, 1966 жылы Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауыруханасында хирург – травматолог болып істедейі. 1970 жылдың қаңтар айынан Семей клиникалық ауыруханасының травматология бөлімінде меңгеруші және Семей облыстық денсаулық бөлімінің бас травматологі, 1973 жылдан – 1975 жылға дейін Семей Медицина институтында госпитальная хирургия – травматология кафедрасында мұғалім болған. 1975 жылы Семей қаласындағы бірінші қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін 25 жыл басқарады. Республикалық және одақтық үлкен ірі клиникаларда, шет елде Финляндияда мамандығы жетілдірген. Баспада жарық көрген 30 – дан астам ғылыми еңбектердің авторы. 1980 жылдан “СCCP денсаулық сақтау ісінің үздігі”. Травматология және ортапедия республикалық ғылыми қоғамының мүшесі, 1989 жылы Семей – Невада қозғалысына байланысты сол үйлестіру кеңесінің мүшесі. Қазақ Республикасының Президентінің 1992 жылы 27 ақпандағы жарлағымен“Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері” құрметті атағы берілген. 2008 жылы Семей медицина академиясының 55жылдық тойына байланысты академияның үздік «Құрметті түлегі» белгісі медалімен марапатталған. Зайыбы Төлеуғайша Үкібасқызы 1941 жылы 40 жылдан артық Семей технология институтында, кейіннен Шәкәрім университетінде химия кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет істеген.

01 қаңтар 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21