Кусайынов Аскарбек Кабыкенович

1951 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Қайнар ауылында туған. 1968 жылы Қайнар орта мектебін күміс медальмен бітіріп Қазақполитехникалық институтының энергетика факультетіне түскен. 1973 жылы институт жанындағы «Төменгі температурағы плазманы зерттеу» лабораториясында жұмыс істеді. 1975 жылы Алматыда, 1976-1979 жылдары Германия Демократиялық Республикасының Ильменау қаласында аспирантурада оқыды. 1979 жылы Германияда неміс тілінде кандидаттық диссертация қорғап, доктор-инженер ғылыми атағын алды.    1979-1991 жылдар аралығында Алматы энергетика институтының аға оқытушысы, кейін доцент болып жұмыс істеді. 1985 жылы Қазақстан Республикасының Журналистер Одағына мүше болып қабылданды. 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің Перспективалық даму және жаңа білім технологиялары білім беру ісін дамыту стратегиясы және мемлекеттік емес оқу мекемелері басқармасы бастығының орынбасары, министрлік алқаның мүшесі, 1998 жылы Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасының директоры қызметін атқарды. А.К.Кусайынов жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының профессоры. 2000 жылы Президентіміз Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының президенті.

01 қаңтар 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21