Сыдықов Ерлан Бәтташұлы

1956 жылдың 29 ақпанында Семей қаласында туған. Абай ауданы Қарауылауылындағы Абай атындағы орта мектепті  алтын медальмен бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін 1978 жылытәмамдаған.

Еңбек жолын Семей қаласында Семей ет және сүт өндірісі технологиялық институтында бастаған.

1984 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қаңтарына дейін Семей ет және сүт өндірісі технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент,факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарған.

1997-2004 жылдары  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттікуниверситетінің ректоры қызметін атқарған.

2003 жылы Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдарыакадемиясының академигі, 2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының акдемигі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдарыакадемиясының академигі болып тағайындалған.

2004-2008 жылдары  Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, 2008 жылдың шілдесінен 2011 жылдың 26 шілдесіне дейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болды.

2011 жылдың 26 шілдесінен бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды. Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданының құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері.

01 қаңтар 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21