«COVID-19 карантин және карантиннен кейінгі кезеңде» онлайн семинары

2020 жылғы 16 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының шағын жинақталған мектептері үшін БҰҰ-ның БҚ ЮНИСЕФ, ҚР БҒМ және ҚР ДМ-мен ұйымдастыруымен «COVID-19 карантин және карантиннен кейінгі кезеңде» атты онлайн семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты - аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлеріне, шағын жинақты мектептердің басшыларына және мектептермен өзара әрекеттесетін медициналық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету. Аталған семинарға 250 педагогтер мен медициналық қызметкерлер қатысты.

Семинар барысында ҚР ДМ ҚДҰО өкілдері Айнагуль Куатбаева мен Шынар Абдрахманова «Азық-түлік жүйесі мен мектеп оқушыларын тамақтандыру үшін COVID-19 пандемиясының салдарын жұмсарту», «Карантиндік және карантиннен кейінгі кезеңде мектептердегі медициналық қызметкерлердің рөлі», сондай-ақ карантин және карантиннен кейінгі кезеңде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге арналған негізгі хабарламалар мен ұсыныстар берді.

«Санитарлық және эпидемиологиялық бақылау талаптары. Коронавирус туралы деректер - Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында "University Mеdical Center" КҚ маманы Шолпан Муканова таныстырды.

"КаПБ" ЖШС психологиялық жеңілдету орталығының директоры Баян Джолдасбекова жасына сай санитарлы білім беру туралы айтты.

ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық маман Мейіргуль Алпысбаева семинарға қатысушыларды ЮНЕСКО-ның ақпараттық материалдарымен таныстырды.

Семинарға қатысушыларға диалогтық алаңы ұйымдастырылып, модераторлар шағын жинақталған мектеп директорларының сұрақтарына жауап беріп, оқушылармен, ата-аналармен және педагогтермен жұмыс барысында әдістемелік ұсыныстарды қолдану бойынша кеңестер берді.




19 мамыр 2020 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21