Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесуі

2019 жылдың 27 қарашасында Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары мен еліміздің талантты жастарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Елбасы Қоры жанындағы ІТ-Кеңес, Ғылым және мәдениет Кеңесі мүшелері мен Қордың қолдауы арқасында өз идеяларын жүзеге асыра алған талантты жастар қатысты.

Осы жылы Елбасымен кездесу барысында «Ел үміті» бастамасы аясында халықаралық олимпиада жеңімпаздарына алғаш рет «Ел мақтанышы» сыйлығы табыс етілді. Ол марапат математика, химия, физика, информатика, биология, географиядан өтетін халықаралық беделді олимпиадалардың жеңімпаздарына тағайындалады.

«Ел мақтанышы» сыйлығымен және ақшалай сертификатпен біздің балалар, түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері, ҚР ұлттық олимпиадалық құрамы мүшелері марапатталды.

Байболов Темірлан – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы, Мағауин Расул – Семей қаласы, облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы және Ернат Бекзат – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің түлегі, қазірде Сулеймен Демирел Университетінің екінші курс студенті – халықаралық және республикалық алаңдарда елімізді лайықты көрсеткен және әлі де көрсетіп келетін ШҚО мақтаныштары.

Олар сонымен қатар, ғылыми және олимпиадалық қызметте өз жолдарын жаңа бастап жатқан болашақ дарындар үшін лайықты үлгі атанды.

Сонымен қатар, балаларды түрлі олимпиадаларға дайындаудағы қажырлы еңбегі үшін және еліміздің білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін химия пәнінің мұғалімі Хасен Темірлан «Ел Мақтанышы» сыйлығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан ақшалай сертификатты алды.

Өз жетістікке жету жолымен бөліскен жас таланттар кездесу соңында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және Елбасы Қорына жастарды дамытуда көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау үшін алғыстарын білдірді.

29 қараша 2019 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21