Алмас Ахметбекұлы Сақбаев

1961 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982  Іле педагогикалық институтының Филология факультетін тамамдаған. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи отанына оралды, 1993-1995 жылдары Жас Алаш газетінде тілші, 1996-2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетінде аға-оқытушы болып қызмет атқарған. 1997 жылы ҚР Парламент мәжілісінде баспасөз қызметкері болып жұмыс жасаған. 2006 жылдан бастап кәсіпкерлікпен шұғылданады.

Ол ата-бабасының мекені болған Тарбағатай ауданында болатын шараларға белсене қатысып тұрады. Алмас Ахметбекұлы әдеби шығармаларының негізін Қазақстан патриотизміне арнайды. Ол «Көк тудың желбірегені» атты ән өлеңімен және БАҚ-тағы патриоттық пікірлерімен Республика аумағында танымал тұлға. ҚР мәдениет қайраткері.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21