ВИЛЬДАНОВА ФАУИДА  ХАСАНҚЫЗЫ

Жоғары математика кафедрасының доценті, физика–математика ғылымдарыныңкандидаты

1.     1953 жылы Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Башкуль ауылында орман шарушылығы қызметкері отбасында дүниеге келді.

2.     1968 жылы Башкуль сегіз жылдық мектебін бітіргеннен кейін Семей қаласындағы №1 мектеп – интернатта орта білім алды. 1970-74 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқып, оны үздік аяқтады. Үздік оқуды қоғам жұмысына белсене араласумен ұштастырып Семей еңбекшілері депутаттарының қалалық Кеңесі депутаты болып сайланды.

          1976-1978 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасында ғылыми стажировкадан өтті.

          1978-1981 жылдары аталған мамандық бойынша аспирантурада оқыды. Ғылыми жетекшісі Белорус мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдары докторы Ю.С.Богданов болды.

3.                1974 жылы Семей қаласындағы №1 мектеп –интернатта жоғарғы кластарда математика мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1975 жылдың желтоқсанынан бастап Семей педагогикалық институтының жоғары математика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1996 жылдан бері Семей мемлекеттік университетінің жоғары математика кафедрасының доценті.

4.                Ғылыми-зерттеу облысы – жай дифференциалдық теңдеулердің сапалық теориясы. 1988 жылы В.И.Ленин атындағы Белорус мемлекеттік университетінің мамандандырылған Кеңесінде «Сызықтық дифференциалдық теңдеулердің S – эквиваленттілігі, олардың негізгі түрлері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

5.     Зерттеу нәтижелері бойынша София, Минск, Санкт-Петербург, Пермь, Астана, Алматы, Көкшетау, Семей қалаларында әр түрлі дәрежедегі ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысты.

50-ден аса ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген. 

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21