Закирьянов Кайрат Хайруллинович

1955 жылы ШҚО, Самар ауданында дүниеге келді. Педагогика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Акмеология ғылымдарының халықаларық академиясы мен Әлеуметтік ғылымдар қазақ академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектебі ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі. Оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. «Бакалавар-магистр» көп  сатылы білім алу жүйесі бойынша одақтық маңызы бар эксперименттің  ұйымдастырушысы мен басшысы. 1994 жылы ШҚМУ базасында Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі өткізіліп, ғылыми-педагогикалық мамандарды біріге  даярлау бойынша «келісімшартқа» қол қойылды. Екі елдің басшылары Н. Назарбаев пен Б. Ельцинге екі елдің жоғары білім саласындағы интеграциялық үрдістерді жылдамдатуға ықпал ету қажеттілігі туралы өтініш қабылданды, бұл шара Ресеймен тікелей шекараласатын Шығыс Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, ол ШҚМУ-дың жанында ашылған Халықаралық экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдардың жоғарғы колледжінің (ҚАЕУ) ашылуына белсене қатысты.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21