Марат Жақыпұлы Бітімбаев

Марат Жақыпұлы Бітімбаев 1940 жылы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) тәмамдаған. Техника ғылымының докторы (1994 жылы), профессор (1995 жылы). 1962–1984 жылдары Ащысай полиметалл комбинатында кен шебері, кеніш бастығы, директордың орынбасары, директор (1987–1991 жылдары), 1984–1987 жылдары Ертіс полиметалл комбинатының бас инженері, директоры, 1991–1994 жылдары ҚР Өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1994–1997 жылдары ҚР Геологиялық және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары, «Казатомпром» ұлттық акционерлік компаниясының бас менеджері болған. 1999 жылдан Тау-кен институтының директоры. «Технология выписки руды из целиков при повторной разработки обширных пластообразных рудных залежей с устойчивой кровли» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Негізгі ғылыми зерттеулері кен өндіру технологиясын жетілдіруге арналған. Бітімбаев тиеме-жеткізбелік кешендер мен оларды жер асты кен жұмыстарында қолданудың технология тәсілі арақатынасын теория тұрғыдан негіздеп, Мырғалымсай кенішінде жүзеге асырды. Шығынға шығарылған баланстық қорларды қайта өңдеудің қауіпсіз әдістерінің теория негіздері мен технология құралымын жасады. 77 авторлық куәлік пен 5 патент иегері. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1984 жылдан - Ертіс полиметалл комбинатының (ШҚО) бас инженері, директоры. 1987 жылдан - ҚазКСР Мемтехқадағалау Оңтүстік-Қазақстан басқармасының бастығы. 1987 жылдан - Ащысай полиметалл комбинатының шахта-құрылыс басқармасының бастығы, комбинат директоры. 1991 жылдан - ҚР Геология кәсіп министрінің орынбасары. 1994 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары. 1997 жылдан - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бас менеджері. 2000 жылдан - Д.А. Қонаев атындағы Кен ісі институтының ректоры. 2002 жылдан - «Шалқия Мырыш» ЖШС, «Мерейтой» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005 жылдан бері - «Data Invest» ЖШС бас менеджері басқарма мүшесі.

«Құрмет белгісі» (1981), «Қ ұрмет» (2006) ордендері, «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жып толуы құрметіне» (1970), «Еңбек ардагері» (1990), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен, ХИА 15 жылдығы алтын медалімен (2006), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1977), 3-ші 2-ші, 1-ші дәрежелі «Шахтер даңқы» құрметті белгілерімен марапатталған. Кентау қаласының құрметті азаматы. КСРО Министрлер кеңесі (1977), Ө.А. Жолдасбеков атындағы (2005), Ш.Е. Есенов атындағы сыйлықтардың лауреаты (2006).

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21