Мұстафаева  Аяулым  Какенқызы

1978 жылы  ШҚО  Аягөз  ауданы  Мәдениет  ауылында  дүниеге  келген.1996  жылы  «Семей»  мемлекеттік  университетіне  оқуға  түсті.2001 жылы   Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  «Тамақ  өндірісінің  машиналараы  мен  аппараттары»  мамандығын,  2002 жылы  аталмыш  оқу  орнының  магистратурасын  тәмәмдады.2010 жылы  05.18.12. – «Тамақ  өндірісінің  процестері  мен  аппараттары»  мамандығы  бойынша  «Қос  жұпты  кесу  механизмімен  жабдықталған  еттартқыштарда  ет  шикізатын  ұсақтау  процесін  жетілдіру»  тақырыбында  диссертация  қорғап,  техника  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алды.ҚР Білім  және  ғылым  Министрлігінің  гранттық  қаржыландыруы  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  орындалуына  қатысады. Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі  бойынша  60 аса  ғылыми  еңбектері,  оның  ішінде  2  оқу  құралы  «Биотехнологиялық  жабдықтар»  және  «Ет  және  сүт  өндірісінің  технологиялық  машиналарын  монтаждау  және  жөндеу»,  2 аналитикалық  шолу,  8 мақала,  40  аса  халықаралық  конференциялардың  тезистері  жарық  көрді.  Қазақстан  Республикасының  5  алдынт  ала  патенті  бар.2013-2014 жылдардың  дарынды  жас  ғалымдарға  арналған  Мемлекеттік  ғылыми  стипендияның  иегері  атанды.Мақтау  қағаздары  және  алғыс  хаттармен  марапатталған.

01 января 2001 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21