Тәуелсіздік құрдасы - Таубалдиев Мейрамбек

«Тәуелсіздік Туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.» (Н. Назарбаев).

Таубалдиев Мейрамбек Ерланұлы 1991 жылы 1 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Филология: қазақ тілі» мамандығын бітірген. 2010-2012 жылдар аралығында «Хабар» телеарнасында «XXI ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық конкурсының сценаристі-журналист қызметін, 2012 жылдан бастап тележүргізуші қызметін атқарған. «Ел арна» телеарнасының «Мүмкін емес», «Бәрі де мүмкін», «Жарайсың!» бағдарламаларының жүргізушісі болды. 2014 жылдан бастап «KAZsport» арнасында «Спорт әліппесі» бағдарламасын жүргізген. Облыстық, республикалық білім жарыстарының жеңімпазы, «Фирдоуси» атындағы сыйлықтың иегері. «Нүкте» ток-шоуының жүргізуші-журналисті, «Жұлдызды ақиқат» бағдарламасының сценаристі, «Бұйымтай» бағдарламасының журналисті.


08 сентября 2016 г., 12:00


EMAIL
ipo_ekrgcnto@mail.ru


Контактный телефон
8 (7232) 75-33-33


адрес
Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область,
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая, 21